Қазақстанда 60 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 жағдай тіркелді деп хабарлады turkystan.kz ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 839-ға жетті.
Оның ішінде:
- Астана қаласында – 7,
- Алматы қаласында – 9,
- Ақмола облысында – 13,
- Ақтөбе облысында – 3,
- Алматы облысында – 2,
- Атырау облысында – 1,
- Абай облысында – 1,
- Батыс Қазақстан облысында – 3,
- Қарағанды облысында – 5,
- Ұлытау облысында – 1,
- Қостанай облысында – 8,
- Павлодар облысында – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 6.
«6 қазандағы мәлімет бойынша, 1 129 адам коронавирус инфекциясынан (-997 + және 132 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 010 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр», – делінген хабарламада.