AMANAT партиясы Президент сайлауына кандидат ұсынды

AMANAT партиясы Президент сайлауына кандидат ұсынды

AMANAT партиясы Президент сайлауына кандидат ұсынды
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды  деп хабарлады turkystan.kz.
 «Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!» - деді Партия Төрағасы Ерлан Қошанов.