«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне 700 делегат келді

6 қазан, 2022 / Зердебек Темір
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне 700 делегат келді Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді. Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына  жиналып жатыр. Бүгінгі съезге жалпы 1200 партия мүшесі қатысады.  Оның ішінде, 700-і еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегат.