Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні айтылды

Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні айтылды

Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні айтылды
ашық дереккөзі
Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейтін болды деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 26 ​​қыркүйек Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырған болатын. Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.
«Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады.
«Сотталушы апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады», - деп толықтырды ведомство өкілі.
Сондай-ақ, Сатыбалдыұлы жазасын өтеу үшін мекемеге келген 15 күннен кейін туыстарымен кездесуге өтініш бере алатыны белгілі болды.