Ақтөбеде мал ұрлағандар 8 жылға сотталып кетті
Ақтөбеде мал ұрлағандар 8 жылға сотталып кетті
Ақтөбе облысы Темір аудандық соты мал ұрлап, 11 млн теңгеден астам шығын келтірген үш сотталушыға үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша қаралған істегі үш сотталушы да Ақтөбе облысы Темір ауданының тұрғыны.
Іс материалына сәйкес, сотталушылар алдын-ала келісіп, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі аумағындағы Қостам атты жайылымында жүрген ағайындылардың 24 бас жылқысын айдап кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушілерге 11 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Қазіргі кезде шығын толық көлемде өндіріліп, үшеуі де 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сот отырысында сотталушы Б. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал сотталушылар Ж. және К. кінәсін мойындамады, тіпті оларды ақтауды сұрады. Жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелер арқылы олардың кінәсі расталды. Сот сотталушысы Б.-ның кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінетінін, балаларын ескерді. К. және Б. есімді сотталушыларды 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, Ж.-ға 8 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.