Қырғыз Республикасы парламентінің спикері отставкаға кетті

Қырғыз Республикасы парламентінің спикері отставкаға кетті

Қырғыз Республикасы парламентінің спикері отставкаға кетті
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасы парламентінің спикері Талант Мамытов өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Жоғарғы Кеңес парламент отырысында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Отырыста сөз алған Талант Мамытов елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруда парламент маңызды рөлге ие екенін атап өтті.
«Жоғарғы Кеңес ең қиын кезеңдерде әрқашан жауапкершілікті  мойнына алып, ел мүддесі үшін өз міндетін атқарды», - деді ол.
Сөз соңында ол әріптестеріне көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, бұл қызметтен кету туралы шешімді өз еркімен қабылдағанын айтты. Айта кетейік, Т.Мамытов 2021 жылдың желтоқсанында парламенттің спикері болып сайланған.