Нұрлан Ноғаев «Ұлы дала жорығы» байқауының жеңімпаздарына ат мінгізді

Нұрлан Ноғаев «Ұлы дала жорығы» байқауының жеңімпаздарына ат мінгізді

Нұрлан Ноғаев «Ұлы дала жорығы» байқауының жеңімпаздарына ат мінгізді
ашық дереккөзі
Маңғыстаулықтар 4 қазан «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйгесінің жеңімпазы - «Көкмойнақ» командасын сән-салтанатымен қарсы алды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 1200 шақырым бәйгеде бірінші болып келген шабандоздарға алғыс хат пен жылқының сертификатын табыстады деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
- Еліміздің барлық аймағынан келген 19 команда сынға түскен жарыс жолында Түркістанға дейінгі жазық дала, Бетпақтың шөлі, өзен-көл сияқты табиғи кедергілер және ауа райына шыдай алмай командалар жорықтарын тоқтатып жатты, ал «Көкмойнақ» командасы жолдың қиындығына қарамастан өздеріңіздің және мініп келе жатқан Адайдың қолтума жылқыларының мықтылығын көрсеттіңіздер. Бұл жеңістеріңіз - өлкеміз үшін үлкен мақтаныш. Құрметті спортшылар, маңғыстаулықтардың атынан сіздерге алғысымды білдіремін! Жеңісті күндердің куәсі болайық! - деді облыс әкімі.
Салтанатты шарада облыс әкімі Адай жылқысы тұқымына ғылыми-зерттеу жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен қажетті жұмыстардың жүріп жатқанын да айтты. Айта кетейік, «Ұлы Дала Жорығы» – еліміздің 6 аймағын (Астана, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда. Түркістан облыстары) басып өтетін тұңғыш жалпыреспубликалық ат марафоны.