Біреулер Orda.kz редакциясына шошқаның басын жіберген

Біреулер Orda.kz редакциясына шошқаның басын жіберген

Біреулер Orda.kz редакциясына шошқаның басын жіберген
ашық дереккөзі
5 қазан кешкі уақытта Orda.kz редакциясына күтпеген сәлемдеме келген деп жазды turkystan.kz. Белгісіз адам Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірін зат жөнелту нүктесі ретінде пайдаланып, жеке курьерлік жеткізуді пайдаланған. Қорап «Орда» сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға жолданған. Ол өзіне келген сәлемдемені ашқанда ішінен әдейі жыртылған фотосуреті мен шошқаның басын көрген. Редакция ұжымының айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет қайталанып отырған жоқ. Мәселен, 4 қазан күні таңертең редакция кеңсесі орналасқан ғимарат маңында сес көрсету мақсатында жазбалар пайда болған. Жоғарыда аталған жағдай жауапты министрліктің бақылауына алынған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
«Orda.kz» редакциясының қызметіне кедергі келтіретін жағдайды министрлік бақылауда ұстап отыр. Әріптестерге жасалған бұндай әрекетті айыптаймыз. Сонымен қатар «Orda.kz» редакциясына құқықтық тұрғыдан қолдау көрсетуге әзірміз» деп жазды Дархан Қыдырәлі.