6 қазан Қазақстанның төрт облысында жел күшейеді

6 қазан Қазақстанның төрт облысында жел күшейеді

6 қазан Қазақстанның төрт облысында жел күшейеді
ашық дереккөзі
Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таулы асуларда екпіні 23 м/с жел тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады. 6 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан екпіні        18 м/с жел соғады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.