Қазақстан - Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады

Қазақстан - Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады

Қазақстан - Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады
ашық дереккөзі
Қазақстан - Өзбекстан шекарасындағы «Қазығұрт» өткізу пункті 6 қазан күні бір тәулікке жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 6 қазан сағат 9:00-ден 7 қазан сағат 9:00-ге дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және «С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті «Узтрансгаз» АҚ-ның екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын жүргізуіне байланысты азаматтар мен автокөлік құралдары үшін жабық болатынын хабарлайды.
Қазақстан - Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген Комитет хабарламасында.