Жаңалықтар

Lada-ның барлық үлгісі қымбаттады

ашық дереккөзі

Lada-ның барлық үлгісі қымбаттады

«АвтоВАЗ» көлік жасаушы кәсіпорны қаңтарда Lada-ның барлық үлгісінің бағасын көтерді.  Жаңа баға туралы мәлімет компанияның сайтында жарияланып отыр, деп хабарлайды abctv.kz. Атап айтқанда, базалық жиынтықтағы Lada Granta 1,6%-ға (389,9 мың рубльге дейін), Lada Kalina — 1%-ға (439,9 мың рубльге дейін), Lada Priora — 2,8%-ға (399,99 мың рубльге дейін), Lada 4X4 — 2,2%-ға (475,9 мың рубльге дейін), Lada Vesta — 3,2%-ға (545,9 мың рубльге дейін), Lada Xray — 1,9%-ға (599,9 мың рубльге дейін) қымбаттады. «АвтоВАЗ» баспасөз орталығы  қаңтарда бағаның көтерілуіне қатысты түсінік беруден бас тартты.  Еуропа бизнес қауымдастығының мәліметі бойынша,  2016 жылдың қаңтар-қарашасында «АвтоВАЗ» 238,666 мың Lada көлігін сатқан, бұл  2015 жылғы  дәл осындай кезеңдегі көрсеткіштен 2,8%-ға төмен. Дегенмен  Ресейдегі  көлік өндірушінің саудасы қарашада 18%-ға, 25,5 мың көлікке артқан. Желтоқсанның соңында Самара облысының губернаторы Николай Меркушкин «АвтоВАЗ» саудасы желтоқсанда 18% шамасында болады деп айтқан болатын.