Жаңалықтар

Тоқаев Павлодар алюминий зауытының жұмысшыларымен кездесті

ашық дереккөзі

Тоқаев Павлодар алюминий зауытының жұмысшыларымен кездесті

Президент Павлодар алюминий зауытының қызметімен танысты деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Кәсіпорын жетекшісі Роман Романов Мемлекет басшысына облыстың металлургиялық кластеріндегі кәсіпорындар шығарған дайын өнімдерді таныстырды. Бұл жерде бастапқы алюминийден бастап, алюминий радиаторларына және автомобиль дискілеріне дейінгі түрлі өнім қамтылған. «Қазақстан алюминийі» АҚ 8 мыңға жуық адамды және олардың отбасын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп отыр. Бұдан кейін «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек ұжымымен емен-жарқын әңгімелескен Қасым-Жомарт Тоқаев акционерлердің барлық әлеуметтік міндеттемесін орындауының маңызды екенін атап өтті. Сіздер Қазақстан Республикасы индустриясының флагманы саналатын өте маңызды кәсіпорында жұмыс істейсіздер. Мен жаңа ғана презентацияларды көрдім. Кәсіпорынның қызметімен таныспын. Мұнда адамдардың қалай жұмыс істейтінін және қандай өнімдер шығаратынын білемін. Олар - Қазақстан Республикасына қажет және шетелде үлкен сұранысқа ие. ERG тобы кәсіпорындарының басшылығы әлеуметтік мәселелерді шешуге, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға және тиісті нысандардың құрылысына ерекше назар аударады. Осы орайда біз әрқашан қолдаймыз. Сіздерге сәттілік тілеймін! – деді Президент.