Батыс Қазақстан облысында полиция бастығы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция бастығы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция бастығы қаза тапты
ашық дереккөзі
5 қазанда сағат 1:00 шамасында Чапаев-Жанғала тас жолының 124-ші шақырымында жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz Мой город порталына сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы Chevrolet Cobalt тізгініндегі 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы (Жол қозғалысының ережелерiн бұзу) бойынша тіркелді. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станциясының пультіне сағат 1:18-де шақырту түскенін хабарлады. Дәрігерлер бригадасы сағат 1:22-де оқиға орнына шұғыл жеткен, алайда зардап шеккен адам олар келгенге дейін көз жұмды. Көлік тізгінінде Жаңағала ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Руслан Асқаров болғаны белгілі болды. Көлікте ол жалғыз болған. Қызметін орындау кезінде оның қасында басқа полиция қызметкерлері болған-болмағаны, әзірге белгісіз. Басқа мәліметтер анықталу үстінде.