Жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады?

Жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады?

Жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады?
ашық дереккөзі

Биыл Қазақстанда ғимаратқа жарылғыш заттар қойылғаны туралы жалған хабарлау жағдайлары жиілеп кетті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 111 қоңырау мен хат тіркелген.Ведомство Қазақстанда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат бергендері үшін 5 мың айлық есептік көрсеткішке (15,9 млн теңге) дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 5 жылға дейінгі мерзімге шектеулер немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.