Спортшылар одағы Президент сайлауына кандидат ұсынды

Спортшылар одағы Президент сайлауына кандидат ұсынды

Спортшылар одағы Президент сайлауына кандидат ұсынды
ашық дереккөзі
«Барыс аренада» «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның спортшылар қауымының кездесуі өтті деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Іс-шараға қатысқан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
«Мемлекетімізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан жаңа реформалар күтіп тұр. Ол әлеуметтік әділдік пен баршаға тең мүмкіндікті қолдайды. Бүгінде біздің спортшыларымыз Қазақстанды түрлі халықаралық ареналарда танытып жүр. Мықты экономика мен қоғамдағы ынтымақтың нәтижесінде біз үлкен жетістіктерге жеттік. Соның ішінде, спорт саласында да мерейіміз үстем», – деді Серік Сәпиев.
Кездесу қорытындысы бойынша «Қазақстандық спортшылар одағы» Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы сайлауға кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.