Волонтерлер Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы сайлауда президентікке кандидат ретінде ұсынды
Волонтерлер Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы сайлауда президентікке кандидат ретінде ұсынды
Волонтерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау және оны жаңа мерзімге президенттікке үміткер ретінде ұсыну бастамасын көтерді деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Волонтерліктің дамуында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан елеулі үлесін атап өту маңызды. Оның тікелей қолдауы нәтижесінде халықаралық және республикалық деңгейлерде волонтерлік қызметті дамыту бастамалары және бірқатар стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды» делінген ҰВЖ-нің ресми хабарламасында.
«Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы еріктілік саласындағы барлық маңызды бастаманы қолдай отырып, бірнеше рет волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегін жоғары бағалады. Шын жүректен алғысын айтты. Президент волонтерлерге ізгі ниеті мен таза ар-ожданы бар асыл адамдар ретінде сенім артады. Қазақстан президентіне деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деді Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким.