Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Оралда сабақ үстінде 10-сынып оқушысы қайтыс болды

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 қазан күні таңертең Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болды деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

«2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ведомство.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button