Жаңалықтар

Үнемдеу: ОСК бюджетке 1,6 млрд теңгені қайтарып берді

ашық дереккөзі

Үнемдеу: ОСК бюджетке 1,6 млрд теңгені қайтарып берді

ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу үшін өткізілген референдумға 16,5 млрд теңге бөлінген, алайда жүйелі жұмыс бөлінген қаражаттың бір бөлігін мемлекетке қайтаруға мүмкіндік берген.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бюджетке 16,5 млрд теңгенің 1,6 млрд теңгесін қайтарып берді.

"Қаражат Мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты шығуы есебінен үнемделді", - деп түсіндіреді ҚР ОСК.