Медбикеге қол жүгірткен депутат сотталды

Медбикеге қол жүгірткен депутат сотталды

Медбикеге қол жүгірткен депутат сотталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында медбикеге тиісіп, денесіне қол жүгірткен депутатқа сот шешімі шықты. Жас қызды қорлаған айыпталушы 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлмен құтылған деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Белгілі деректерге сүйенсек, депутат аталмыш өңірде білікті дәрігердің бірі көрінеді. Оқиға Төлеген Қадырдың әріптесіне система салып беруін өтінуінен басталған. Жас медбике өз жұмысына кіріскенде ер адам оның бөксесінен, белінен ұстап тиіскен. Шошып қалған бойжеткен палатадан қашып шығып, кейін диктофонын қоса қайта кіреді. Осылайша неліктен мұндай әрекетке барғанын сұраған. Бойжеткеннің соттағы басты дәлелі - қайта кіріп, ер адамның сөздерін жазып алған аудиожазбасы болды. Бірақ сот депутатқа қызды қорлағаны үшін тек 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып отыр. Бұл - шамамен 15 мың теңге. Кейіннен жергілікті мәслихат депутаты бұл ісіне өкініп, бойжеткеннен кешірім де сұраған. Сонымен қатар, сот шешіміне шағымданып, аппеляцияға беріпті. Бірақ сот алқасы шағымды қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды.