«Көзілдірік таға кел»: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына кеңес берді

«Көзілдірік таға кел»: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына кеңес берді

«Көзілдірік таға кел»: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына кеңес берді
ашық дереккөзі
Орта салмақтылардың рей­тин­гінде 14-орында тұрған Ден­зел Бентли Жәнібек Әлім­ханұлын жекпе-жекке шақырды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық кәсіпқой боксшы оның ұсынысын қабыл алды. Келісім беріп қана қоймай, жеңістен дәмелі екенін анық аңғартты. Жәнбектің өзіне сенімді болғаны соншалық, әлеуметтік желіде қарсыласына қарата мәлімдеме жасады.
«Вегаста кездескенше! Көзілдірік таға кел, өйткені мен рингте жарқырайтын боламын» деп жазды кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, 12 қарашада Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1,14 КО) кездеседі.