«Жолдарда тәулігіне орта есеппен 5-6 адам қаза табады» — Смайылов

«Жолдарда тәулігіне орта есеппен 5-6 адам қаза табады» — Смайылов

«Жолдарда тәулігіне орта есеппен 5-6 адам қаза табады» — Смайылов
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды деп хабарлады  turkystan.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстан жол қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 107-орында тұр.
«Жалпы, біздің елімізде жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай өте күрделі: 8 айда жол апаттарының саны 14%-ға, қаза тапқандардың саны 18%-ға көбейді. Орта есеппен жолда тәулігіне 5-6 адам қаза табады. Бұл - өте ауыр жағдай», —  деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы елімізде жүргізушілер арасында көлік жүргізу мәдениеті өте төмен екенін атап өтті. Жол ережесін жиі бұзатын шамамен 71 мың жүргізуші анықталды. Олардың кейбірі биыл жол ережесін 150 рет бұзған.
«Әрине, мұндай жүргізушілерді қатаң жазаға тарту керек», — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-министр жүргізушілерді даярлау сапасы да күмән тудыратынына назар аударды. Үкімет басшысының ойынша, автомектептер жұмысындағы тәсілдерді өзгерту қажет, себебі бүгінде оларды бақылап жатқан ешкім жоқ, лицензия берілмейді.
«Көлік жүргізуге арналған автодромдар жеткіліксіз. Әкімдіктер бұл мәселені бизнеспен бірге қарауы тиіс», — деді ол.
Әлихан Смайылов мектептерде балаларға жол жүру ережесі оқытылмайтынын және автокөліктерді техникалық тексеру сапасына қатысты сұрақтар көп екенін айтып өтті.