Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Финляндиялықтар көшедегі Лениннің соңғы ескерткішін алып тастады

Эстониялық мүсінші Матти Варик жасаған Владимир Лениннің бюсті бүгін Финляндияның Котка қаласының орталығынан алынып тасталды деп хабарлады turkystan.kz ukrinform.ru сайтына сілтеме жасап.

Қала құрылысы басқармасының басшысы Маркку Ханнонен ескерткішті жылжыту өте күрделі техникалық операция аясында жүзеге асқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бюст жүк көлігінің платформасына көтеру құрылғысының көмегімен орналастырылған. Бұл мүсін енді  Кименлааксо мұражайында сақталады.

Айта кетейік, Лениннің мүсінін 1979 жылы қалаға сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған Таллин сыйға тартқан. Коткадағы мүсін Финляндиядағы кеңестік саясаткердің соңғы ең ірі ескерткіштердің бірі болған.

Сондай-ақ фин қалаларының көшелерінде Ленинге арналған мемориалдық тақталар мен рельефтер әлі де бар.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button