Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

ІІМ: екі аптада Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер туралы соңғы статистиканы айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, кешеден бері Ресейден Қазақстанға ағылған ресейліктердің саны азайған. Шекарада жағдай бірқалыпқа түскен.

«Бұл мәселе бақылауда. 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға  200 мыңнан астам Ресей азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы шығып кетті. Әрине, ішінара мобилизация жарияланған кездерде үлкен кептелістер болды. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр. Мысалы, кешегі күнді алатын болсақ, Ресейдің 7 мыңнан астам азаматы мемлекетімізге кірді, 11 мыңға жуығы шығып кетті. Сондықтан қазір келгендер шығып жатыр. Миграциялық ахуал бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз», – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ ол екі арадағы шекаралық қатынас тар экономикалық одақ аясында реттелетінін еске салды.

«Екі тараптан да шекарадан өтуші азаматтарға шектеу жоқ, болмайды да. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аясында құқықтық шартымыз бар. Құқықтық мемлекет болғандықтан бүкіл іс-қимылды осы заң шеңберінде жасаймыз», – деді ІІМ басшысы.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button