Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Ұшақтар неге жиі кешігеді? – Министрдің жауабы

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарын шыдамдылыққа шақырған министрдің айтуынша, әуе компаниясы ұшақтың сенімділігіне көз жеткізбестен жолға шыға алмайды.

Жаз мезгілінде, өкінішке қарай, ұшақтар жаппай кешікті. Кейбір бірен-саран жағдайларды қоспағанда, қазіргі уақытта ол олқылықтар жойылды. Әр жағдайға қатаң қарадық. Ондай компаниялар үшін 3 млн теңге айыппұл деген не? Бірінші, екінші, үшінші, оныншы айыппұлды арқалағанда, күлетіндей жағдайда емес екеніңді түсінесің. Мемлекеттік машина күн сайын солай жұмыс істейтіні санаңа жетеді. Сол үшін олар өз жұмыстарын бір жолға салды деп ойлаймын, – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол Air Astana компаниясының әлемдік деңгейге сай екендігін атап өтті.

Рейстердің кешігуі техникалық себептер бойынша болады. Air Astana жұмыстарын атқарды. Кейде техникалық себептер әртүрлі сипатта: ұшаққа құстың қонуы немесе датчиктің істен шығуы салдарынан болуы мүмкін. Компания ұшақтың сенімділігіне 100% көз жеткізбейінше, оған әуеге көтерілуге рұқсат бермейді. Сондықтан рейстеріңіз кешіксе, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін сабырмен қарауға шақырамын, – деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button