Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалдырылды

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша 3 қазанға белгіленген сот отырысы 13 қазанға қалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Тараптар пікірталасын жалғастыру жоспарланған сот отырысы №2 қалалық сотта өтуі тиіс болатын. Сот отырысы сотқа төрағалық етуші судья Жұмағали Тәшімовтің науқастанып қалуына байланысты кейінге шегерілді.

Еске салсақ, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button