Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Футзалдан Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словениямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімге 16 ойыншы енді. Жарақатына байланысты ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Эдсон шақырту алмады.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Андрей Голубничий («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, (екеуі де – «Каспий»), Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай (екеуі де – «Астана»), Серік Мәжитов («Байтерек»);

Футзалдан Қазақстан құрамасы 8 қазан күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізеді. Матч Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болады.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button