Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

«AMANAT» бірінші кезекте халықтың мұң-мұқтажына назар аударуда – мәслихат депутаты

«Жан-ата» медициналық орталығының құрылтайшысы, «AMANAT» партиясы Семей қалалық мәслихатының депутаты Съезбек Ахметов партияның 6 қазанда өтетін кезектен тыс XXIV съезіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«AMANAT» партиясы биыл наурыз айында қайта жасақталды. Партияның даму бағдарламасы, ұстанымдары мен саяси мақсаттары айқын. Сондай-ақ елдің, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қадағалап жүр. Ғылыми сарапшылар мен зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділерінің арқасында көптеген мәселе көтеріліп, шешілуде. Қазір партия бірінші кезекте халықтың мұң-мұқтажына назар аударуда», – деді С.Ахметов.

Ол алдағы кезектен тыс съезде бекітілетін жаңа Саяси тұғырнамада қабылданған бастамаларды да атап өтті.

«Наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясына жаңа тұғырнама қажет екенін айтып, бірқатар тапсырма берді. 6 қазан күні кезектен тыс XXIV съезде партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілмек. Осы тұрғыда мыңнан аса бастама қабылданды. Онда Тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы атқарылатын жұмыстар, партияның саяси ұстанымы мен мақсаты, адам құқығы, еліміздің жаңаруы мен жаңғыруына қатысты ұсыныстар енгізілді» – деді ол.

Оның айтуынша, қазір еліміз бірқатар қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Ол  – шиеленіскен геосаяси жағдай, әлеуметтік-демографиялық ахуал, пандемия.

«Ұлттық қауіпсіздік, білім, халық саулығы, тіл мәселесі басты назарда болуы қажет. Тіл әрбір халықтың баға жетпес асыл қазынасы. Ал ауыл мен қала қарым-қатынасы бір деңгейде болғаны маңызды. Мемлекеттік тілді қолдауға, ұлттық құндылықтарымызды, дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды қорғауға көбірек көңіл бөлу керек», – деді Ахметов.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button