Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Жадыра Таңатарова: Партия бастамалары ел игілігі үшін жасалып жатыр

«AMANAT» партиясы республикалық Саяси кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласының мәслихат депутаты Жадыра Таңатарова 6 қазанда өтетін партияның кезектен тыс XXIV съезіне қатысты пікір білдірді. 

«АMANAT»-тың алдағы съезінде партияның Саяси тұғырнамасы бекітіледі. Айтулы іс-шараға әр өңірден 700-ге жуық делегат келеді деп күтілуде.

Мемлекет басшысының Жолдауы, партияның саяси тұғырнамасы – халқымыздың темірқазығы десем қателеспеймін. Сонымен қатар съезде кезектен тыс өтетін Президент сайлауына үміткерді қолдау жөнінде нақты тапсырмалар беріледі деген ойдамын. Электоралды кезеңде барлық делегаттар мен фракция мүшелері белсене атсалысуға дайындығын тағы да дәлелдейтін сәт екенін түсінуіміз тиіс. Осы ретте партия азаматтарына бірқатар міндет жүктеледі.

Біз Қазақстанның қарқынды даму жолында 23 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан үлкен саяси күш екенімізді ұмытпауымыз керек. Елдің бірлігі мен ынтымағын бұзғысы келетін теріс пікірдегі ұйымдарға төтеп беріп, алға жылжуды басшылыққа алғанымыз жөн.

Еліміздегі жетекші партия Мемлекет басшысының жанына топтасқан. Сондықтан Тәуелсіз еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан партиямыздың заман талабына сай бейімделуі заңды құбылыс. Республикалық Саяси Кеңестің мүшесі ретінде партияның тың жоспарлары мен бастамалары ел игілігі үшін жасалып жатыр.

Сондықтан партияның съезіндегі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бірлік пен достық, татулық пен ынтымақ болатыны сөзсіз. Осы жолда елдің нағыз жанашыр азаматы ретінде осы науқанға үлесімізді қосқанымыз абзал», – деді Жадыра Таңатарова.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button