Жаңалықтар

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?

ашық дереккөзі

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?

Қазіргі таңда қыз-келіншектер әдемі болып көріну үшін көп қаражат пен уақыт жұмсайды. Ал өткен заманның әйелдері сұлулыққа жету үшін қандай құрбандыққа барды? [caption id="attachment_198939" align="alignnone" width="1205"] Фото:noticiasaominuto.com.br[/caption] Екінші дүниежүзілік соғыс – боялған колготка Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әйелдер тобықтарын жалаңаштап жүрмейтін. Себебі бұл әдепсіздіктің бір көрінісі болған. Бірақ ол заманда колготка алуға әркімнің қалтасы көтере бермегені анық. Сондықтан сұлулық үшін нәзікжандылар қулыққа барған. Яғни, бойжеткендер аяқтарын бояумен бояған. Жағдайы бар әйелдер кешке бояуды жуып тастайтын, ал тұрмысы нашарлар өзі кетпейінше тобықтарына су тигізбеген. [caption id="attachment_198941" align="alignnone" width="1200"] Фото:mobillegends.net[/caption] Ежелгі майялар бас сүйегінің пішінін өзгертті Ежелгі майяларда өздері қалыптастырған сұлулық стандарттары болған. Мысалы, майялар сырт көзге әдемі болып көріну үшін бас сүйектерінің формасын өзгерткен. Сәбилердің сүйектері кішкентай қысымның өзінде өзгеретіні анық. Бұны білген олар балалар туыла салысымен, бастарын арқанмен мықтап байлаған немесе тақтайшалармен таңған. Үш жасында барлық балалардың бастары стандартқа сай келген. Қызық, иә?! [caption id="attachment_198943" align="alignnone" width="1205"] Фото:usaartnews.com/[/caption] Қастарды қыру - Ренессанс Бұл дәуірде қырылған маңдай ғана емес, терілген қас та сәнде болған. Әдемі болу үшін бойжеткендер қастарын үнемі толықтай теріп отырған. Заман талабына сай қыз-келіншектердің бірде-бір қасы болмауы керек. Бұл стандартқа сәйкес келу үшін нәзік жандылар үнемі айна алдында сағаттап тұрған. [caption id="attachment_198945" align="alignnone" width="1205"] Фото:4tololo.ru[/caption] Қайта өрлеу дәуіріндегі тегіс тістер Ренессанс кезеңінде сұлулықтың құрбандары маңдайларын қырып, қастарын жұлып қана қоймай, тістерін қысқартқан! «Ең әдемі» деген титулды алу үшін тіс эмальдарын аралау арқылы әйелдер алдыңғы тістерін квадрат тектес жасаған.