Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?

Қазіргі таңда қыз-келіншектер әдемі болып көріну үшін көп қаражат пен уақыт жұмсайды. Ал өткен заманның әйелдері сұлулыққа жету үшін қандай құрбандыққа барды?

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:lomovskaya.livejournal.com
  1. Қайта өрлеу дәуірі – қырылған маңдай

Қайта өрлеу дәуірінде кең, дөңгелек маңдай сұлулық стандарты болып саналды. Сондықтан сол заманда қыздардың барлығы дерлік маңдайдағы шаштарын қырып тастайтын.

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:noticiasaominuto.com.br
  1. Екінші дүниежүзілік соғыс – боялған колготка

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әйелдер тобықтарын жалаңаштап жүрмейтін. Себебі бұл әдепсіздіктің бір көрінісі болған. Бірақ ол заманда колготка алуға әркімнің қалтасы көтере бермегені анық. Сондықтан сұлулық үшін нәзікжандылар қулыққа барған. Яғни, бойжеткендер аяқтарын бояумен бояған. Жағдайы бар әйелдер кешке бояуды жуып тастайтын, ал тұрмысы нашарлар өзі кетпейінше тобықтарына су тигізбеген.

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:solomeya-lutova.livejournal.com
  1. Қытай: аяқты дәкемен орау

Аяқты, бақайды таңу ХІІІ ғасырда басталды. Қытайда қыздардың аяқтарын 5 жасынан бастап дәкемен мықтап орап тастайтын. Оның басты себебі – аяқ өлшемі өспеу үшін. Салдарынан сүйек пен буын қатты қисайған. Бірақ бұл елде сұлулық пен күйеуге жақсы шығу денсаулықтан маңызды болатын.

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:mobillegends.net
  1. Ежелгі майялар бас сүйегінің пішінін өзгертті

Ежелгі майяларда өздері қалыптастырған сұлулық стандарттары болған. Мысалы, майялар сырт көзге әдемі болып көріну үшін бас сүйектерінің формасын өзгерткен. Сәбилердің сүйектері кішкентай қысымның өзінде өзгеретіні анық. Бұны білген олар балалар туыла салысымен, бастарын арқанмен мықтап байлаған немесе тақтайшалармен таңған. Үш жасында барлық балалардың бастары стандартқа сай келген. Қызық, иә?!

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:funtime.ge
  1. Ежелгі Қытай – қолының тырнақтарын өсірген

Ежелгі Қытайда әйелдер мен ер адамдар тырнақтарын өсірген. Тырнақ неғұрлым ұзын болса, соғұрлым келбетті саналған. Ол заманда тырнағы ұзын адамдарды аса құрметтеп, ақылдылардың қатарына қосқан.

Тұрғындардың ойынша, жоғарғы санаттағы адамдар ұзын тырнақтың көмегімен Құдайлармен тілдесе алған.  Көпшілік бұл қарапайым адамның қолынан келмейді деген пікірде болған.

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:usaartnews.com/
  1. Қастарды қыру – Ренессанс

Бұл дәуірде қырылған маңдай ғана емес, терілген қас та сәнде болған. Әдемі болу үшін бойжеткендер қастарын үнемі толықтай теріп отырған. Заман талабына сай қыз-келіншектердің бірде-бір қасы болмауы керек. Бұл стандартқа сәйкес келу үшін нәзік жандылар үнемі айна алдында сағаттап тұрған.

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:funtime.ge
  1. Ежелгі Греция – өскен қастар

Ежелгі Грецияда қалың қас иелері ақсүйек деп саналған. Ал қастары жұқа азаматшалар  әдемі болу үшін көмірмен  бояп, тіпті құстардың қауырсындарын жабыстырған.

Әлемді құтқаратын сұлулық әйелді құтқара ма?
Фото:4tololo.ru
  1. Қайта өрлеу дәуіріндегі тегіс тістер

Ренессанс кезеңінде сұлулықтың құрбандары маңдайларын қырып, қастарын жұлып қана қоймай, тістерін қысқартқан! «Ең әдемі» деген титулды алу үшін тіс эмальдарын аралау арқылы әйелдер алдыңғы тістерін квадрат тектес жасаған.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Back to top button