Egov.kz-те жаңа мемлекеттік қызмет пайда болды

Egov.kz-те жаңа мемлекеттік қызмет пайда болды

Egov.kz-те жаңа мемлекеттік қызмет пайда болды
ашық дереккөзі
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырды деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қабылдануы және ұсынылуы  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша анықтамалық тексеріс жағдайында – 5 жұмыс күнді құрайды. Сондай-ақ қызметкерлерге қатысты мәліметтерді алу үшін, олардың келісімі болған жағдайда «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы жұмыс берушілерге қолжетімді. Осындай қызметті мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда ғана алуға болады.