Қарағанды облысында ер адам танысын балконнан лақтырып жіберген

Қарағанды облысында ер адам танысын балконнан лақтырып жіберген

Қарағанды облысында ер адам танысын балконнан лақтырып жіберген
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында ер адам таныс әйелін балконнан лақтырып жіберген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінен 48 жастағы азаматшаның дене жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түскен. Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен жәбірленушіден дене жарақаттарын қандай жағдайда алғандығын анықтау үшін жауап алу жүргізілді. Белгілі болғандай, ол оқиға болған күні өзінің 39 жастағы танысының үйіне барған. Отырыс барысында екеуі сөзге келіспей қалған. Арада шыққан жанжал барысында 39 жастағы азамат жәбірленушіні үшінші қабаттағы балконнан жерге лақтырып жібергені анықталды. Полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, қызуқандылықпен осындай іске барғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.