Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 40%-ға өскен

Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 40%-ға өскен

Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 40%-ға өскен
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады деп хабарлады turkystan.kz СІМ баспасөзіне сілтеме жасап. Осы кезеңде елдер теңдік пен сыйластық қағидаттарына негізделген сенімді және өзара тиімді ынтымақтастық орнатты. Астана мен Афина әлемдік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады және әртүрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде бір-бірін белсенді қолдайды. Қазақстан мен Грекия экономикалық саладағы қатынастарды дамытуға ерекше мән береді. Қолда бар мүмкіндіктерді тиімді іске асыру үшін Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссия және Қазақстан-Грек Іскерлік кеңесі жұмыс істейді. Соңғы жылдары елдер арасындағы тауар айналымының көлемі қарқынды өсуде. Мысалы, биылғы жылдың алғашқы жеті айында ол 1 млрд АҚШ долларынан астам соманы құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 40% өсімді көрсетеді.