Жаңалықтар

«Көлік апаттарының негізгі себептері – жолдардың нашар жағдайы» – Смайылов

ашық дереккөзі

«Көлік апаттарының негізгі себептері – жолдардың нашар жағдайы» – Смайылов

​​ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміздегі жолдардың жағдайы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Көлік апаттарының негізгі себептері – жолдардың нашар жағдайы. Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп. Айталық, 26 қыркүйекте Ақтөбеде тұрғындар айналма жолды жауып тастады. Себебі ол жолда не жарық жоқ, не жаяу жүргінші өтетін жер, не қауіпсіздік элементтері жоқ. Мұның бәрі жол апатына алып келеді. Жол қауіпсіздігі саласында бейнекамералар мен басқа да техникалық бақылау құралдары жеткіліксіз. Республикалық маңызы бар автожолдарда бейнебақылау жүйесі тек Ақмола облысында ғана бар. Біздің басты міндетіміз – жол қауіпсіздігі, жол апаттары мен одан қаза болу жағдайларын азайту бойынша кешенді шешімдер қабылдау», - деді Үкімет басшысы.