Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты деп хабарлады turkystan.kz KTK арнасына сілтеме жасап. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізді. Биыл АҚШ-тағы Цинциннати жарысында М. Киз Еленаны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық танытты - 7:5.  Есесіне екінші сетте Е. Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алды - 6:3.  Содан кейін үшінші, шешуші партияда да Кизді тығырыққа тірей білді - 6:3. Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті. Е. Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 31-сатыдағы Беларусь өкілі Александра Сасновичтің біреуімен таласады. Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді.