Жаңалықтар

Президент 4 министрді қызметінен босатты

ашық дереккөзі

Президент 4 министрді қызметінен босатты

Дүйсенбі, 3 қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров төрт министрді қызметінен босатты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Садыр Жапаровтың өкімімен қызметінен босатылғандар: Қырғыз Республикасы энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев; Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев; Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов; Көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев. Алғашқы екеуінің үстінен қозғалған қылмыстық істерге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді. Қырғызстанның бас прокуратурасы 13 қыркүйекте Бекмурзаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Ол тиісті саланың маманы емес қызметкерлерді шетелге іссапарға заңсыз жіберді деген күдікке ілінген болатын. Тергеу барысында министр қызметінен шеттетілді. Ал Бейшеналиев Білім министрлігін 2022 жылдың 17 ақпанынан бастап басқарды. 28 қыркүйек кешке жоғары оқу орындарына түсу мәселесін шешу үшін 100 мың доллар бопсалады деген күдікпен ұсталды. Азамат Жаманқұлов 2018 жылдың қазанынан бастап Мәдениет министрлігін басқарып келді, ол сол кездегі президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен тағайындалған болатын. Осоев министр болып 2021 жылдың 10 тамызында тағайындалды.