Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабы өртенді

Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабы өртенді

Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабы өртенді
ашық дереккөзі
Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
- Бүгін, яғни 3 қазан күні сағат 11:28-де Павлодар ауданының Заря ауылынан 20 шақырым жерде Ертіс өзенінің алқабында құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс өртінің 4 ошағы анықталды. 1 ошақта - 30 га, 2 ошақта - 30 га, 3 ошақта - 40 га, 4 ошақ - 40 га жер жанып кетті, - делінген хабарламада.
Дала өрті 17:40-та сөндірілген. Рavlodarnews.kz сайты таратқан ақпаратқа сенсек, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.