Жаңалықтар

Атырау облысында алып адам тұрады

ашық дереккөзі

Атырау облысында алып адам тұрады

Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып азамат Парасат НҰРҒАЛИЕВ тұрады. Оның бойының биіктігі 2 метр 15 см және салмағы 150 кг, оған сәйкес аяқ киім өлшемі 56 деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап. Расында, мұндай дене ерекшеліктері бар Парасатқа лайықты киім мен аяқ киім табу қиынның қиыны. Киімдерді оған туысы тігіп береді. Бірақ аяқ киім мәселесі қиын. Алпауыттың табанына киетін жалғыз аяқ киім резеңке шифер. Қатты жаңбыр мен суықта ол көшеге шыға алмайды. Сондықтан Байғали ӨТЕМАНОВ бастаған ауылдастары оған көмектесуге бел буып, размерлі аяқ киімге тапсырыс берді.