Қанат Исламның қарсыласы ауысты

Қанат Исламның қарсыласы ауысты

Қанат Исламның қарсыласы ауысты
ашық дереккөзі
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның 7 қазан күні Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін кезекті жекпе-жегінде қарсыласы өзгерді деп хабарлады turkystan.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап. Бастапқыда қазақстандық боксшының қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі, 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас еді. BoxRec.com мәліметінше, оның ендігі қарсыласы - 38 жастағы аргентиналық Хавьер Франциско Монтиэль (34-17, 23 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Қанат Ислам үшін бұл жекпе-жек - 2022 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы кездесуде ол Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.