Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі

Түркияда өткен IV  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржыны 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен толықты деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Сонымен, Қазақ күресі бойынша біздің құрама қоржынында 6 медаль бар: Марат Нығматуллаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды. Еламан Қойшыбаев (80кг) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 кг) күміс, ал «Қазақстан Барысы» Мақсат Исағабылов (+80 кг) пен Мөлдір Азамат (+65 кг) қола жүлдегер атанды.  width= Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалда өнер көрсетті, онда 32 елден 95 спортшы бақ сынады. Ол өзінің қарсыласы Оғыз Окшадан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Көкбөріге Қазақстан, Қырғызстан, Түркия командалары қатысты. Түркия командасы өз қалауы бойынша үшінші орынға келісім беріп, ақтық сынға қазақ-қырғыз құрамалары өтті. Ақтық сында Қазақстан – Қырғызстан командаларының ойыны 0-5 есебімен аяқталып, спортшыларымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанып, Қырғызстан командасын 4:3 есебімен жеңді. Финалға жету жолында қазақстандықтар Өзбекстан мен Моңғолия спортшыларын 8:1 және 12:2 есебімен ойсырата жеңген болатын. Министр Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында көкпар тұңғыш рет көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгенін және бұл жеңіс бірегей тарихи оқиға екенін атап өтті.  width=  width=