Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды

ашық дереккөзі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды

Түркияда өткен IV  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржыны 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен толықты деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Сонымен, Қазақ күресі бойынша біздің құрама қоржынында 6 медаль бар: Марат Нығматуллаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды. Еламан Қойшыбаев (80кг) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 кг) күміс, ал «Қазақстан Барысы» Мақсат Исағабылов (+80 кг) пен Мөлдір Азамат (+65 кг) қола жүлдегер атанды.