Жаппай төбелеске қатысқан Ресей азаматтары жазаланды

Жаппай төбелеске қатысқан Ресей азаматтары жазаланды

Жаппай төбелеске қатысқан Ресей азаматтары жазаланды
ашық дереккөзі
Орал қаласында төбелеске қатысқан шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылданды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 00.00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларын мониторингілеп отырғанда, Оралда түнгі клубтың жанында ер адамдардың төбелесін байқады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.