Алматыда салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді

Алматыда салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді

Алматыда салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді
ашық дереккөзі
Алматы №2 перзентханасында 32 жастағы әйел жүктіліктің 39 аптасында патология бөліміне түсіп, салмағы 5328 грамм, бойы 60 см сәбиді дүниеге әкелді деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv  сайтына сілтеме жасап. Бір қызығы, анасы болашақ баласының салмағын білмеген екен. Ультрадыбыс зерттеуде салмағы 3500-3800 грамм деп көрсеткен.
«Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Әйел еш қиындықсыз босанды. Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Үш күн перзентханада жатып, үйіне шығарылды», – деді бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарушы Куренова Гүлнәр.
Босанған ана аурухананың барлық қызметкерлеріне алғысын білдірді. №2 перзентханада салмағы бес келіден асатын нәрестенің дүниеге келуі - осымен екінші жағдай. Биыл мамырда салмағы 6020 грамм қыз бала дүниеге келген болатын.