Құпияға толы деректер: қай айда дүниеге келдіңіз?

Құпияға толы деректер: қай айда дүниеге келдіңіз?

Құпияға толы деректер: қай айда дүниеге келдіңіз?
ашық дереккөзі
Адам мінезін туған айына қарап білуге болатынын естіп пе едіңіз? Әр айдың өз ерекшелігі бар. Соған сәйкес мінез де сан алуан болады.

Қаңтар

Жылдың бірінші айында туған адамдарға қайсар мінез тән. Өмірдегі кез келген қиындықтарға төтеп бере біледі. Қаңтарда туған адамдар көшбасшылық қасиетке ие. Өздеріне сенімді, бәсекеге қабілетті тұлғалар. Өте талапшыл келеді. Жоспармен жүргенді жақсы көреді.

Ақпан

Ақпан айында туған адамдар сырт көзге нәзік, романтикаға жақын болып көрінеді. Десе де, шынында бұл адамдар өзімшіл болып келеді. Бұл айда туғандар талғампаз, сұлулыққа жандары құмар жандар. Көңіл-күйлері құбылмалы болады. Бұл оларға жеке өмірде де, жұмыста да үлкен кедергі келтіреді.

Наурыз

Наурызда туған жандар мейірімді, сезімтал келеді. Эмоцияға тәуелді. Көп жерде шешімді асығыс қабылдайды. Кез келген мәселені жүректеріне жақын алады. Жақсы көретін адамдар үшін барлығына дайын. Бірақ көңілі қатты қалса, ешкімді аямайды. Келісімге келмейді.

Сәуір

Сәуірде дүниеге келген адамдар батылдығымен ерекшеленеді. Сенімді, аса ұқыпты, іске тиянақты жандар. Кез келген мәселені ақылға салып, асықпай шешім шығарады. Кедергілерді жеңе біледі. Өте талапшыл адамдар. Сәуір айында туған адамдардың көбі мансап қуып, жеке өмірді екінші дәрежеге қояды. Өмірде тепе-теңдікті жоғалтып алады.

Мамыр

Мамыр айында туған адамдардың басым бөлігі қыңыр, қырсық болып келеді. Барлығын бақылауда ұстағанды жақсы көреді. Мінездерінде тұрақсыздық байқалады. Десе де, іске адал, сенімді серік бола алады.

Маусым

Ұшқыр ой иелері. Десе де, керемет идеяларды ойлап тапқанымен, көп жағдайда жүзеге асырмайды. Талантты, керемет ораторлар. Бірақ бойларында жалқаулық басым. Бұл әлсіз тұсын жеңе білген адам үлкен белестерді бағындыра алады.

Шілде

Көркем мінез иелері. Әрдайым көңілді жүретін адамдар. Бостандықты жақсы көреді. Кез келген ортада өздерін еркін сезінеді. Үлкеннің де, кішінің де көңілін таба біледі. Сырттай өзімшіл болып көрінгенімен, жүректері жылылыққа, ықылас пен мейірімге толы.

Тамыз

Тамыз айында сезімтал, өмірден ләззат ала білетін жандар туған. Энергиясы өте көп, қызықты әрі шытырман оқиғалардың ортасында жүретін адамдар. Бойларында көшбасшылық қасиет бар. Кез келген ортаның гүлі бола біледі. Бірақ тым сенгіш келеді.

Қыркүйек

Қыркүйек айында туған адамдар бизнеске жақын келеді. Есеп-қисапты өте жасқы білетін жандар. Керемет идея авторлары. Өмірдегі мақсаты айқын, жетістікке жету үшін барын салатын адамдар. Бұл кісілер үлкен талпыныстың арқасында байлыққа қол жеткізе біледі. Мансапты да, отбасын да қатар алып жүре алады.

Қазан

Құбылмалы мінез иелері. Жақындарымен қарапайым, мейірімді бола біледі. Ал өзгелеге тым талапшыл, сыни көзбен қарайтын адамдар. Жиі өмір тіршілігін күрделендіріп жібереді. Пессимистік көзқарасты ұстанады.

Қараша

Қарашада туған адмдар – ең жұмбақ тұлғалар. Бойлары ерік-жігерге, харизмаға толы. Жоғары интелектке ие. Өзгелермен жақсы манипуляция жасай алады. Іштегі қорқыныш пен өзіне деген сенімсіздік  болмаса, бұл адамдар үлкен белесті бағындыра білер еді.

Желтоқсан

Бір бойына даналық пен парасаттылық тән. Желтоқсанда туған адамдардың басым бөлігі идеалист болады. Мақсатқа жету жолында кез келген кедергілерге төтеп бере біледі. Басын қатерге көп тігеді. Өмірден жиі сабақ алады.