Әйгілі бразилиялық боксшы 87 жасында қайтыс болды

Әйгілі бразилиялық боксшы 87 жасында қайтыс болды

Әйгілі бразилиялық боксшы 87 жасында қайтыс болды
ашық дереккөзі
Сан-Паулуда (Бразилья) 50 қарсыласын нокаутқа түсірген аңыз боксшы Эдер Жофре 87 жасында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz vRINGe.com сайтына сілтеме жасап. Э. Жофре 1956 жылғы Олимпиада ойындарында Бразилия атынан өнер көрсетіп, 1957-1976 жылдары кәсіпқой бокста карьерасын құрды. 1960 жылы өте жеңіл салмақта бос тұрған әлем чемпионы титулын жеңіп алды, ал 1973 жылы жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды. Эдер карьерасын керемет рекордпен аяқтады - 72-2-4, 50 КО. Рекордындағы екі ғана жеңіліс те ұпай санымен жапониялық Масахико Харададан болды. 1992 жылы Жофренің есімі Бокстың халықаралық даңқ залына жазылды. Ал The Ring журналы оны кейінгі 80 жылдағы ең мықты 20 боксшының қатарына кіргізген.