Жаңалықтар

«AMANAT»-тың кезектен тыс съезіне 700 делегат сайланды

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың кезектен тыс съезіне 700 делегат сайланды

«AMANAT»-тың өңірлік филиалдарындағы 20 конференцияның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXIV съезіне 700 делегат сайланды. Сондай-ақ аманаттықтар партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылады. Жалпы үш күн ішінде барлық деңгейдегі конференциялар жұмысына 20 мыңнан астам адам қатысты. «Біздің басты байлығымыз – халық, басты мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Тұғырнамада қоғамның шоғырландырушы күшіне айналуы тиіс жасампаз еңбектің маңыздылығы туралы айтылады. Бизнес-қоғамдастықтың өкілі ретінде, бұл мәселені шешуге кәсіпкерлікті жан-жақты жәрдемдесу амалы көмектеседі деп айта аламын», – деді ол. Айта кету керек, партиялықтарға әлеуметтік сауалнама арқылы Саяси тұғырнама жобасына қатысты өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілді. Батыс Қазақстандағы партиялықтар да бұл жұмыстан шет қалған жоқ. «Өңірімізде 217 бастауыш партия ұйымы бар. Жаңа құжат соның әрбірінде белсенді талқыланды. Облысымыздағы партиялықтардың көптеген ұсынысы тұғырнаманы әзірлеу кезінде ескерілгені қуантады», – деді партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев. Партияның жаңа Саяси тұғырнамасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытын жүзеге асыру үшін жасалған, дейді Қостанай облысындағы партия мүшелері. «Тұғырнамада көрсетілгендей, қазіргі таңда қоғамның басты талабы әділдік пен заң үстемдігін орнату, сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы аяусыз күрес болып отыр. «АМАNАТ» партиясы әлеуметтік әділеттілік жағында болып келді, солай болып қала береді. Біз заңдарда және өмірде әлеуметтік әділеттілік орнатуға шақырамыз», – деді партияның Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина. «Аграрлық сектор – Қазақстан экономикасының маңызды құрамдас бөлігі, ауылдың әл-ауқатын көтеру – әрбір партиялықтың міндеті. «АМАNАТ» партиясы ауылдың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдау мемлекет алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі екеніне сенімді», – деді ол.