Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді деп хабарлады turkystan.kz.

Басқосуға Малайзия тарапынан аталған мемлекеттің әуе билігінің директоры Датук Честер Ву Көлік министрлігі өкілдері, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер «Air Asia» және «Malaysia Airlines» басшылығы қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мәселелерін талқылады.

Бұған дейін, 2019 жылы Covid-19 пандемиясының алдында Азаматтық авиация комитеті «Air Asia» әуекомпаниясының Қазақстанға рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізген болатын. Алайда ол карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылды.

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстандық тарап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режимін пайдалануды ұсынды.

Ірі төмен бюджеттік «Air Asia» әуекомпаниясы басшылығының ақпараты бойынша 2023 жылы Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстерді іске қосу жоспарлануда (ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі).

Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биылғы қазан айында «Air Asia» әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил Қазақстанға арнайы сапармен келмек.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button