Мейрам Қажыкен Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Мейрам Қажыкен Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Мейрам Қажыкен Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды
ашық дереккөзі
Мейрам Қажыкен «Аманат кәсіподақтар достастығынан» кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы шешім кәсіподақтар Достастығының орталық және атқарушы комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды. Мейрам Зекешұлы Қажыкен 1961 жылдың 5 сәуірінде Павлодар облысында туған. Экономика саласындағы бірнеше ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы. Еңбек жолын туған өлкесінде инженер-гидротехник болып бастаған (1982 жылы). 2002-2003 жылдары Павлодар облысы экономика департаментінің бастығы, 2003-2004 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде Үкімет басшысының кеңесшісі, өндіріс және инфрақұрылым саласы бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011 жылдары Қазақстан индустрияны дамыту институтының директоры қызметтерін атқарды.