Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыны қағып кетті: бір адам көз жұмды

Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыны қағып кетті: бір адам көз жұмды

Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыны қағып кетті: бір адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматы-Өскемен тасжолында Toyota Crown көлігі жылқымен соқтығысты. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты 1 қазанға қараған түні Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында болды. Көліктің 27 жастағы жүргізушісі жолға шыққан жылқыны қағып кеткен.
«Қажетті сараптамалар тағайындалып, жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аудандық полицейлер сондай-ақ жылқының иесін анықтап жатыр», - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.