Сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары елорда түрмесіне ауыстырылды

Сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары елорда түрмесіне ауыстырылды

Сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары елорда түрмесіне ауыстырылды
ашық дереккөзі
Жемқорлық бойынша сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары елорда түрмесіне ауыстырылды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев жазасын өтеу үшін Астана қаласындағы түрмеге ауыстырылды. Ал облыстық құрылыс басқармасына жетекшілік еткен Тимур Басаров шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген. Бұған дейін сот Нұрлан Таубаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (мемлекеттік қызметті атқаратын лауазымды адамның қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде пара алуға оқталуы), Тимур Басаровты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (аталған іс-әрекеттерге көмектесу) кінәлі деп таныған еді.